Енді 10 шілдеде ветеринария қызметкерлері күні аталып өтіледі. Бүгінде Қазақстанда малшылар күні, орман шаруашылығы қызметкері күні, ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні, балық шаруашылығы қызметкерлері күні сияқты кәсіби мерекелер бар. Алайда бүгінде ветеринария саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің керек екенін сезінбейді,