Израильде індеттің жетінші толқыны жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Елде коронавирус жұқтырғандар саны күннен күнге артуда. Өткен тәулікте қауіпті инфекция 10 мыңнан астам адамнан анықталса, қазір 54 мың кісі науқас саналады. Ахуалға қарамастан карантиндік шектеулерді қайта енгізу әзірге қарастырылып жатқан жоқ екен. Айта кетсек, сәуір айында да Израильде коронавирус өршіп кеткен еді. Кейін жағдай біршама тұрақталған болатын.