WhatsApp мессенджері биыл 8 қыркүйектен бастап кейбір ескі смартфондарда жұмысын тоқтатады. WabeTaInfo басылымының мәліметінше, аталған күннен бастап WhatsApp Android 5.0 және Android 5.1 операциялық жүйелерінде қолжетімсіз болады. Қосымшаны пайдалану үшін ең төменгі талап Android 6.0 болмақ.