Ел премьер-министрі Нью-Йоркте ядролық қарусызданудың жаһандық жоспарын таныстырады. Премьер-министр Фумио Кисида Нью-Йоркте ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТ) қол қойған елдердің конференциясында сөз сөйлеп, ядролық қарусызданудың жаһандық жоспарын таныстырады. Бұл туралы ол жапондық Kyodo News агенттігіне берген сұхбатында айтты. Мен халықаралық қоғамдастықты ядролық қарусыз әлем құру жоспарын ұсыну арқылы ынтымақтастыққа шақырамын, - деді саясаткер. Оның