Екінші дұниежүзілік соғысқа қатысып, өшпес ерлік жасаса да, Кеңес Одағының Батыры атағы берілмей қалған қаһармандардың саны көп. Солардың бірі – сұрапыл жылдар кезінде атағы жайылған даңқты мерген – Ыбырайым Сүлейменов. Ол 1911 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауылында өмірге келген. 1941 жылдың 22 желтоқсанында Қызыл армия қатарына шақырылып, Алматы қаласындағы нөмірі 100-атқыштар қазақ бригадасында борышын өтеді. …