– Референдумда «иә» деп дауыс беруге төрт себеп бар. Біріншіден, Тұңғыш Президенттің және оның отбасы мүшелерінің өкілеттіктері мен ерекше артықшылықтары Конституциядан алынып тасталады, соның ішінде оның қайтадан президент болу құқығы алынып тасталады. Екіншіден, ықпалды Парламенттің пайда болуына негіз қаланып жатыр. Жаңартылған Конституцияға сәйкес, Мәжіліс депутаттарының бір бөлігі бір мандатты округтер бойынша сайланатын болады, саяси партияларды …