Экология министрлігі Қостанайдағы тілсіз жаудың табиғатқа келтірген шығынын есептеп жатыр. Жауапты ведомство отқа оранған ағаштарды қайта отырғызып, орманды жасыл желекпен көмкеруге қыруар қаражат пен ұзақ уақыт кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды КТК арнасы. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаевтың айтуынша, Қазақстан сияқты орманы аз мемлекет үшін бұл апаттың салдары ауыр болғалы тұр. Қостанай