Жаңа Парламенттің төменгі палатасында әлеуметтік желіде өте белсенді танымал журналистер мен блогерлер аз емес. Кейбірінің Youtube және Tik-Tok желілеріндегі арнасына жарнаманы кіріктірілген. Алайда заңгерлер мұның заңға қайшы екенін айтады, деп хабарлады 31 арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы. Белгілі журналист әрі депутат Нартай Сәрсенғалиев Youtube арнасында әлеуметтік мәселелерді көп қозғайды. Депутат желідегі әр шығарылымнан ақша түсетінін растады. Алайда қаражат