Биыл полиция қызметкерлері 400-ден астам заңсыз кен қазушыларды ұстап, жауапкершілікке тартты. Сегіз қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, топ болып әрекет ететін кен қазушылардың бригадалары анықталып, жолы кесілген.