Психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында сақтаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті екі жылдан бері аса ірi мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін іздеуде жүрген.