Кеңестік кезеңде, қай салада болса да, профессионалдарға басымдық берілді. Сондықтан болар, ел арасында әжептәуір ән шығарып, өлең жазып жүретін – композиторлық, ақындық қабілеті барларды «әуесқой композитор», «әуесқой ақын» деп атайтын. Мұның өзі «қабілеті әлсіз», «оқымаған» деген сияқты түсінілетін. Сондықтан «әуесқой композиторлардың» әндері радиодан беріле бермейтін, «әуесқой ақындардың» өлеңдері аудандық, облыстық газеттерге ара-тұра басылғаны болмаса, республикалық …