7 мамырда мемлекет және үкімет басшылары Исландияда өткен Еуропа кеңесінің саммитінде Украина президенті Владимир Зеленскийдің «бейбітшілік формуласы» қағидаттарын қолдады. Бұл туралы саммит декларациясында айтылған. Құжатқа 46 елдің басшылары қол қойды. Жауапкершіліксіз бейбітшілік ұзаққа созыла алмайды. Біз Президент Зеленский ұсынған бейбітшілік формуласындағы әділ және ұзақ бейбітшілік принциптерін қолдаймыз, делінген құжатта. Зеленский Еуропа кеңесі елдерінің шешімін құптады.