«Жастар және жұмыссыздық» тақырыбында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңының алғашқы отырысы өтті. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ж.Баласағұн музейінде өткен келелі шараға өңірдегі азаматтық қоғам белсенділері мен тиісті басқарма басшылары қатысты. Айта кетерлігі, «TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңы республикада алғаш рет қолға алынса, өңірлер арасында Жамбыл облысында ең бірінші болып […]