Спортшы 55 келі салмақ дәрежесінде алтын медальға қол жеткізді. Қазақстандық Зульфия Чиншанло Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол 55 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Қоссайыс нәтижесі бойынша ол 220 кг нәтиже көрсетті. Яғни, жұлқа көтеруде 95 килоны еңсеріп күміс жүлде, ал серпе көтеруде 125 келімен алтын алды.