Атырау қаласында 4-қабаттан құлаған 4 жасар бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды inform.kz. Облыстық балалар ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, емдеу орнына 4 жасар қыз кеше, 27 сәуірде түскен. «Кішкентай қыздың жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың басында жарақаты, денесінде көптеген сынық бар. Дәрігерлер науқасқа шұғыл ота жасады. Ота 2,5 сағатқа созылды. […]