«Қазгидромет» синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады. Нұр-Сұлтанда кей уақыттарда найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы облысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыс желі, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с, 25-28 м/с. Оңтүстігінде және таулы аудандарында бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болжанады. Талдықорған қаласында найзағай түсуі ықтимал. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, шаңды […]