Қарағанды облысында қарттар үйі тұрғындарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған, оның 30-ы – мүгедек, 60-ы – зейнеткер. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің меңгерушісі және әлеуметтік қызметкері ұсталып, […]