«Қазгидромет» РМК мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, мамыр айында атмосфералық фронттардың жазғы түріне ауысу процесі жүреді. Сондықтан, мамырда елімізде күн құбылмалы болады. Яғни, ауа температурасы жоғарылап, кейде төміндеуі де мүмкін. Ал түнгі уақытта, тіпті үсік жүруі ықтимал. Сондай-ақ мамырда республиканың солтүстік жартысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын […]