Ақтауда құтқарушылар 18 жастағы студенттің денесін тапты. Ол теңізде сүңгіген видеосын Желіде жарияламақ болған, – деп хабарлайды Lada.kz. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ақтаулық жігіттің теңізге секіргенін байқауға болады. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, таңертеңгі сағат 07.33 шамасында құтқарушылар суға батып кеткен 2004 жылы туған жігіттің денесін тапқан. Құтқарушылар жігітті 15-шағынауданға жақын жағалаудан теңіздің 6 […]