Биыл "Невада – Семей" қозғалысының негізі қаланғанына 33 жыл толды. Қырық жыл бойы жалғасқан ядролық сынақтардан кейін Қазақстан қоғамы наразылық білдіріп, Семей полигонын жабуды талап етті. Қоғамдық қозғалыс құру бастамасын ақын Олжас Сүлейменов көтерген еді.