Қазақстандықтарға еңбек шартының орнына ЖК арқылы жұмыс істеу жиі ұсыныла бастады. Сарапшылар бұл трендті ҚҚС мөлшерлемесінің артуымен байланыстырады. Кәсіпкерлер үшін бұның белгілі бір артықшылықтары болғанымен, қызметкерлер еңбек және әлеуметтік кепілдіктерден айырылады, деп хабарлайды «31 арна». Жуырда үкімет жаңа Салық кодексіне ҚҚС мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеуді ұсынды. Алайда жалақы қорына түсетін жүктемені азайту жоспарланып отырған жоқ. […]