Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы ашық режимде өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Ozgeris.info. Алматы облыстық сотының хабарлауынша, алдын ала тыңдау 10 сәуірге сағат 12:00-ге белгіленген. Сот процесі ашық режимде өтетіні белгілі болды. Ол Талдықорғандағы Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтуге тиіс. […]