АҚШ ресейлік хакерді Украина үкіметінің сайттарына шабуыл жасады деп сырттай айыптады. Шешен текті 22 жастағы ресейлік Амин Стигальға 2022 жылдың қаңтарында Украина мен оның одақтас елдеріндегі, соның ішінде АҚШ-тағы мемлекеттік мекемелердің компьютерлік жүйелерін бұзуға әрекеттенді деген айып тағылды. Тергеушілердің айтуынша, Стигаль ресейлік әскери барлаумен - ГРУ-мен келісімге келген.