Қарулы көтеріліс үшін жазалау жобасы Мемлекеттік Думаға ұсынылды. Ресей үкіметі көтеріліске «қатысу дәрежесіне» және оның салдарының ауырлығына байланысты жаңа түзетулер енгізуді ұсынады. Көтеріліс ұйымдастырғаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін, қатысқаны үшін 12 жылдан 20 жылға дейін, ал егер бүлік адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруы да мүмкін.