Қазір әлемдегі халық саны 8 миллиардтан асты. Зерттеудегі болжам бойынша 2084 жылы жер шарындағы халық саны 10,3 миллиардқа жетеді. Ал 2100 жылға қарай бұл көрсеткіш 10, 2 млрд болып, халық санының азаю құбылысы байқалуы мүмкін. Қызығы, қазіргі уақытта халық саны бойынша көш бастап тұрған Қытай мен Үндістанда табиғи өсім төмендеуі ықтимал. Аталған елдерде өлім-жітім бір жылдағы туу көрсеткішінен 10,5 млн және 7,4 млн адамға асып түсуі болжанып отыр.