Британдық әнші Адель қазіргі концерттік туры аяқталғаннан кейін музыкалық мансабында ұзақ үзіліс жасауды жоспарлап отырғанын айтты. «Менің күш-қуатым сарқылды. Жаңа музыка жазу туралы ешқандай жоспарым жоқ. Осының бәрінен кейін мен үлкен үзіліс жасағым келеді», - деді жұлдыз Мюнхенде өтетін 10 күндік концерттер сериясы алдында немістің ZDF телеарнасына берген сұхбатында.