"Ахмат" командирі тұтқыннан өз еркімен берілген шешендерді құтқаруға ниетті емес. Апти Алаудинов өзінің Telegram парақшасында украиндық әскерилердің қолына түскен отандастарының туыстары жақындарын босатуға көмектесуін өтініп жатқанын айтты. Бұған Ресей армиясының «Ахмат» әскери бөлімінің командирі бас тартты, өйткені олар «өмір сүруге лайық емес». Алаудиновтың айтуынша, «ежелден шешендер берілуді ең үлкен масқара деп санаған», сондықтан ол Украина қарулы күштеріне өз еркімен берілген жауынгерлерді ауыр жараланбаса, құтқара алмайды.