АҚШ 2026 жылдан бастап Германияда ұзақ қашықтыққа ұшатын қаруларын орналастырады. АҚШ мұндай шешімді Украинадағы соғысқа байланысты Еуропадағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауы аясында қабылдады. Бұл туралы Вашингтонда өткен НАТО саммиті кезінде жарияланған АҚШ пен Германияның бірлескен мәлімдемесінде айтылған.