АҚШ пен ЕО саясаткерлері Украинаны Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Біз бірге украин халқы күн сайын батылдықпен қорғайтын құндылықтарды атап өтеміз: тәуелсіздік, егемендік және бостандық», - деді Демократиялық партиядан президенттікке кандидат Камала Харрис. Ол Америка Құрама Штаттары Украинаға «Ресей агрессиясына қарсы бостандық үшін күресінде» қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.