АҚШ президенті Украинаға жаяу әскерге қарсы миналарды жеткізуді мақұлдады. Джо Байден жақын арада Украинаға жаяу әскерге қарсы миналарды жеткізу туралы құжатқа қол қояды, деп хабарлайды The Washington Post аты аталмаған екі америкалық шенеунікке сілтеме жасап. Бұл оқ-дәрілерді қолдану тек Украина территориясымен шектелген, деп хабарлады басылым сұхбаттастарының бірі.