Әлемдегі ешбір ел президенттік сайлау науқанына АҚШ-тағыдай көп ақша бөлмейді. 25 тамызда ең жоғары мемлекеттік лауазым үшін күреске кіріскеннен бері Камала Харрис пен Демократиялық партиядан вице-президенттікке үміткер Тим Уолз 540 миллион доллар жинағаны белгілі болды. Оның айтуынша, дәл осы кезеңде Республикалық партиядан үміткер Дональд Трамп 138 миллион доллар алды.