АҚШ Ресей Федерациясымен байланысы бар 400-ге жуық компания мен жеке тұлғаларға қарсы санкция салды. Санкцияға ұшыраған ұйымдар мен жеке тұлғалар Ресейге шектеулерді айналып өтуге және Украинаға қарсы соғыста пайдаланылған тауарлар мен қызмет жеткізуге көмектеседі, делінген АҚШ Қаржы министрлігінің баспасөз хабарламасында.