АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасы қабылдаған заң жобасы Tik-Tok-тың қытайлық иесін әлеуметтік желіні басқа иесіне беруге міндеттейді. АҚШ сенаты Tik-Tok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін оны басқа иесіне беруге міндеттейтін заң жобасын мақұлдады. Қытай тарапына Tik-Tok-ты ҚХР юрисдикциясына кірмейтін компанияға сату ұсынылды. Егер бұл бір жыл ішінде орындалмаса, АҚШ-та желіге тыйым салынуы мүмкін. Екі күн бұрын бұл жобаны АҚШ конгресінің төменгі палатасы мақұлдады.