Солтүстік Корея сарбаздары қазірдің өзінде Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысуда, деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік департаменті. Ресейге жіберілген Солтүстік Кореяның 10 мыңнан астам әскерінің басым бөлігі Курск аймағында және «Ресей қарулы күштерімен бірге ұрыс қимылдарына қатыса бастады» деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі.