АҚШ-та 5 қарашада өтетін президент сайлауынан кейін Иран Израильге шабуыл жасауы мүмкін. Иран халқының рухани көсемі аятолла Али Хаменеи қарымта шабуыл жойқын болады деп мәлімдеді. Естеріңізде болса, Израиль әскері қазан айының соңында Иранның стратегиялық нысандарына соққы жасады. Шабуыл кезінде Тегеран мен Батыс Ирандағы әскери базалар шығынға ұшыраған болатын.