Ақ үй жақын арада Киевке қауіпсіздік саласындағы көмектің жаңа пакетін жариялайды, деді Пентагон басшысы Ллойд Остин 2 шілдеде Украина қорғаныс министрі Рүстем Умеровпен кездесуі кезінде. Олардың келіссөздерінің басты тақырыбы – екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту, деп кеше АҚШ қорғаныс министрлігі жариялады.