Әлемде Альцгеймер ауруын қоса алғанда деменция туралы хабардар болу күні атап өтіліп жүр. Денсаулық сақтау министрлігі деменция туралы хабардар болуды арттыру, стигманы жою және осы жай-күйден зардап шегетін адамдарға, сондай-ақ олардың отбасыларына қолдау көрсету қажеттілігіне назар аударады. Әлемде деменциямен ауыратын 55 миллионнан астам адам бар, жыл сайын 10 миллионға жуық жаңа жағдай тіркеледі. Деменция — бұл нерв жасушаларын біртіндеп бұзатын және миды зақымдайтын бірқатар аурулардан туындауы мүмкін синдром.