Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде кез келген сәтте жаңа індет өршуі мүмкін екенін ескертті. Ғалымдардың айтуынша, болашақта адамзат COVID-19-дан 20 есе көп адам өмірін қиюы мүмкін жаңа індетпен бетпе-бет келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейюс Женевада үкіметаралық келіссөздер органының отырысында сөйлеген сөзінде өзінің болжамдарын H5N1 құс тұмауының өршуімен байланыстырды.