Израильдің солтүстігіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air France, Біріккен Араб Әмірліктерінің Etihad Airways және Грекияның Aegean Airlines әуе компаниялары Тель-Авивке және одан келетін рейстерді тоқтатқанын мәлімдеді. Бұған дейін тағы 16 әуе компаниясы Израильге рейстерін тоқтатқан болатын. Кейбір авиакомпаниялар рейстерді дүйсенбіге дейін, ал кейбірі келесі ескертуге дейін тоқтататынын жариялады.