Түркияның TUSAŞ әуе-ғарыш компаниясының нысанындағы лаңкестік әрекет Түркияның тұрақтылығы мен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы жетістіктеріне нұқсан келтіруді көздейді. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған X әлеуметтік желісінде түріктің TUSAŞ аэроғарыштық компаниясының нысандарына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы шабуылдан кейінгі алғашқы минуттарда түрік қауіпсіздік күштері шұғыл әрекет етіп, лаңкестерді залалсыздандырғанын атап өтті.