Аннексияланған Қырымда ондаған мың адам жарықсыз қалды. Бұл туралы ресейлік мемлекеттік БАҚ хабарлады. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Керчь қаласы мен оған жақын орналасқан ауылдардағы 360-тан астам қосалқы станция электр қуаты берілмей, 53 мыңнан астам адам жарықсыз қалды.