Армения мен Еуроодақ визаны либерализациялау бойынша келіссөздерді бастады. Бұған дейін Ереванға Еуропалық комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинас келіп, Армения президенті, премьер-министрі және сыртқы істер министрімен кездесті. Келіссөз мақсаты - Армения азаматтарының ЕО-ға қысқа мерзімді сапарына виза талаптарын жою болып табылады, деді Схинас.