Астрахань, Воронеж, Волгоград, Белгород және Ростов облыстарына ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады. Ростов облысының губернаторы Василий Голубевтің айтуынша, бірнеше ондаған ұшқышсыз ұшақтардың шабуылы түнгі сағат екілер шамасында басталған. «Нәтижесінде Родионово-Несветайский ауданында электр қосалқы станциясында екі трансформатор өртеніп кетті».