Террористер ұсталды, Тейлор Свифттің жанкүйерлері шабуылдан әрең құтылды, деді Австрия канцлері Карл Нехаммер. Федералды канцлер Нехаммер BILD басылымына берген сұхбатында менеджерлердің Тейлор Свифттің Венадағы концерттерінен бас тарту туралы жауапты шешімін жоғары бағалады: «Террористік топ дәл [сәтсіз] концерт кезінде әшкере болды». Лаңкестік әрекетті жасағандар біз күткеннен де көп болып шықты, егер концерт өтсе, жұрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтін еді.