Трамппен өткен сәтсіз теледебаттан кейін АҚШ-тың қазіргі президентінің сайлау жарысынан шығуының жалғыз жолы — егер Джо Байденнің жақын тобы оны көндірсе. Олар бұрын оның кандидатурасына үлкен үлес қосқан. Мүмкін енді олар қарашадағы сайлауға қатысудан бас тартып, отставкаға кететінін жариялау керек деп шешетін шығар, деп жазады америкалық Axios басылымы.