Аяғын жарақаттаған италиялыққа дәрігер қоқыстағы картоннан гипс салып берген. 30 жастағы Элия Натоли Сицилияда тұрады. Ол мотоциклден құлап, аяғын жарақаттаған. Алдымен ол отбасылық дәрігерге жүгініп, дәрігер дезинфекциялау құралы болмағандықтан, науқасты Паттидегі ауруханаға жіберген. Онда науқас бірнеше сағат бойы аяғы ауырып күткен. Содан кейін оған асық жілік шыбығы сынған деген диагноз қойылады. Ауруханада сынған аяқты тұрақтандыру үшін шиналар немесе гипс болмаған. Сондықтан дәрігерлер оғаш балама - қоқыс үйіндісінен картон қорапты алып, оның жіліншігіне таңғышпен байлап қойған.