Айырбастау аясында Ресей Федерациясының кемінде 12 саяси тұтқыны Батысқа жіберіледі. Олардың арасында журналист Эван Гершкович, бұрынғы теңізші Пол Уилан және журналист Алсу Құрмашева бар, дейді америкалық телеарна АҚШ президенті әкімшілігінің аты-жөнін атамаған ресми өкіліне сілтеме жасап.