Әзірбайжан мен Армения шекарасында екі елдің вице-премьерлерінің төрағалығымен мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның 10-шы кездесуі өтті. Кездесуде Әзірбайжан Премьер-министрінің орынбасары Шахин Мұстафаев пен Армения Премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян делимитациялық жұмыстарды одан әрі жүргізу үшін шекара учаскелерінің кезегі мәселелерін талқылады.