Бірқатар БАҚ Палестина радикалды ХАМАС қозғалысы Саяси бюросының басшысы Яхья Синвардың тірі екенін және ұзақ үнсіздіктен кейін байланысқа шыққанын хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Яхья Синвар 31 шілдеде Иранның жаңа президентінің инаугурациясына бара жатып, Тегерандағы қонақ үйдегі жарылыстан қаза тапқан Исмаил Ханияның ХАМАС-тағы мұрагері болды, жазды ТАСС.