Курск облысында 80-нен астам ресейлік әскери қызметші жоғалып кеткен. Британдық BBC медиа компаниясы Украина қарулы күштері Курск облысына басып кіргеннен бері туыстарымен байланыста болмаған 81 әскерге шақырылған сарбаздың аты-жөнін анықтады. Олардың кем дегенде 38-і тұтқында, тағы 19 және 22 жастағы екі сарбаз қайтыс болды, деп таратты ВВС. Хабарсыз кеткендердің көпшілігі 488-ші мотоатқыштар полкінде қызмет еткен.